Спорт

Ризабек Айтмұқан ғашығына үйлену туралы ұсыныс жасады

Жастардың романтикалық видеосы желіде тарады

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан сүйікітісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Спортшы бұрған дейін сүйіктісімен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбановтың тойында көзге түскен. 

Міне, енді көп ұзамай өзі де шаңырақ көтермек. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан  еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. 

Жақында балуан жастар арасында өткен әлем біріншілігінде 92 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді. 

Енді ол 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем біріншілігінде бақ сынайды.