Сұлтанбек Айбарұлы ақтық кезеңде Өзбекстан боксшысын жеңіп, чемпион атанды
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан құрамасы бокстан Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды.
Финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанған еді.