Спорт

Санжарәлі Бегалиев Әлем кубогының финалдық кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан боксшысы Санжарәлі Бегалиев қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған спортшы жартылай финалда нигериялық Оладимеджи Шиттуға жол берді. Осылайша, Бегалиев жарысты үшінші орынмен аяқтап, ұлттық құраманың қоржынын қола медальмен толықтырды.