Семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді
Жарыс 23 мамырда басталады
2024 жылдың 23 мамырында Астанада семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 23 мамырда басталатын турнирде алғашқы жүлделер жиынтығын рапирашылар сарапқа салады. Ал 25 мамырдан бастап шпагашылар жарысады.
Сонымен қатар, 28-29 мамырда саблядан Қазақстан чемпиондары анықталады.