Спорт

«Үш қыз өсіріп отырмын»: қыз зорлады деген күдікке ілінген Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады

Боксшының айтуынша, бұл әлде біреулердің жапқан жаласы

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлау фактісі бойынша түсініктеме беріп, өзінің кінәсіз екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасына жазды. 

Еске салайық, бүгін таңертең Алматы полициясы спортшының үстінен қыз зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.