Спорт

Шавкат Рахмоновқа қатысты жағымсыз жаңалық тарады

Осыған байланысты спортшы шамамен 9–10 ай бойы октагонға шыға алмайды.

UFC-де әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тізесінен қайта жарақат алып, хирургиялық ота жасатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осыған байланысты спортшы шамамен 9–10 ай бойы октагонға шыға алмайды.

Бұл ақпаратты танымал спорт журналисі Ариэль Хельвани әлеуметтік желідегі парақшасында файтердің менеджері Дэнни Рубинштейнге сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін Рахмоновтың Алматыда өткен Naiza лигасының турниріне балдақпен келуі жанкүйерлер арасында алаңдаушылық тудырған еді.

Айта кетейік, бұған дейін файтердің бапкері Эдуард Базров та спортшының денсаулығына қатысты қиындықтар бар екенін растаған болатын.