Спорт

Сметов, Серікбаев, Шамшадин: Париж Олимпиадасына кім барады

The final spritzer

Осы үш балуанның бірі төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел намысын қорғайды

Қазақстан Дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қатысушысын анықтау мақсатында іріктеу белдесуін өткізетінін хабарлады,-деп жазады jambylinfo.kz.

Федерацияның таратқан мәліметінше, іріктеу белдесулері Алматы қаласында 7 маусым күні өтеді.

Еске сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады.