Спорт

«Спорт қалай дамиды?». Шенеуніктер спортшылардың дайындығына бөлінген қаржыны қалтаға басқан

The final spritzer

Жымқырылған қаражат көлемі 40 млннан асады

"Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" мекемесінде бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше,  2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.  Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.