Үстел теннисінен ерлер командасы Азия чемпионатында жеңіліп қалды
Қазақстан құрамасы Үндістан спортшылармен шеберлік байқасты
Қазақстан ерлер командасы астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында жартылай финалға жете алмады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Ширек финалда, Қазақстан құрамасы Үндістан спортшылармен шеберлік байқасты.
Кирилл Герасименко екі ойында жеңіліс тапса, Алан Құрманғалиев ел құрамасына бір жеңіс сыйлады. Ал Айдос Кенжеғұлов қарсыласына есе жіберіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен Үндістанға жол беріп, жартылай финалдан тыс қалды. Алайда, отандық спортшылар енді 5-8 орындар үшін бақ сынайды.