Спорт

«Тараз» командасы волейболдан Қазақстан чемпионы атанды

Павлодарда волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жерлестеріміз «Павлодар» командасын 3:1 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Павлодар» командасы өз алаңында  «Тараз» волейбол клубымен финалда үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін қос клуб чемпиондық үшін өткен ойында бір-бірден жеңіске жеткен еді – 1:1. 


Бірақ «Тараз» командасы ақтық сайыста жоғары деңгейде ойнап, «Павлодарды» өз алаңында 3:1 есебімен жеңді. Чемпионат қорытындысы бойынша «Павлодар» күміс жүлдені иеленсе, СҚО намысын қорғаған «Есіл»  командасы қола медальді қағанат тұтты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер, үздік ойыншылар тиісінше марапатталды.