«Тараз» сегізінші орынды қанағат тұтты

40

«Тараз» биыл ҚПЛ-дің қос чемпионын да қапы қалдырды. «Астана» мен «Қайратты» жеңген жамбылдық команда біріншілік қорытындысы бойынша турнир кестесінде сегізінші орынға тұрақтады.

Соңғы турда алматылық «Қайратпен» өткізген ойында сегізінші сатыға көтерілетін тамаша мүмкіндігін пайдаланып, дегеніне жетті. Ұлттық құрама сапында атой салып жүрген Абат Аимбетов пен Айбол Әбікен алматылықтарды алға сүйрегенімен, «Тараз» қорғаушылары қақпаны «құрғақ» сақтап қалды. Өткір шабуыл өтіндегі тараздық ойыншылар ұрымтал тұстың бірінде есеп ашып, біріншілік бітпей тұрып чемпион атанған командадан жеңісті жұлып алды. Тепкен добы қақпаның тура тоғыздығынан табылған Аюб Бацуев матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. «Тараз» премьер лигада қалуға мүмкіндік беретін орынды сақтап қалған «Каспийден» алты ұпай артық жинап, ұпай саны бірдей «Қызылжардан» доп айырмашылығы бойынша жоғары сатыдан орын алды. Тіпті 7-ші сатыға орналасуға мүмкіндік мол еді. Тек «Қайсармен» кездесуде 2:0 есебімен ұтып тұрып, ұпайды уыстан шығарып алмағанда… Ал жетінші орынға қызылордалық ұжым жайғасты.

– Жалпы алғанда, премьер лига командаларының арасында бюджет бойынша ең төменгі сатыларда орналасқан команда үшін сегізінші орын жаман көрсеткіш емес.

«Тараз» футбол клубы қолдау білдіріп, сенім артқан барлық жанкүйерлерге ризашылығын білдіреді. Жанкүйерсіз стадиодарда өткен матчтарда әлеуметтік желілер мен клубтың ресми парақшалары арқылы көрсетілген қолдау айқын сезіліп жатты. Сіздердің барлық тілектеріңіз бен демеулеріңізді көріп, оқып, біліп отырмыз. Сіздерге мың алғыс! – дейді команда бапкері Владимир Никитенко.

Жалпы, футболдан Қазақстан премьер лигасының қорытынды нәтижесі төмендегідей болды: