Таразда «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейболдан турнир өтті
Шараның ұйымдастырушылары – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы.
Тараз қаласында өткен волейбол турниріне қатысушы арулар жеңіс үшін ғана емес, маңызды бір ойды жеткізу үшін – есірткіге «жоқ» деп айту үшін ойын алаңына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында №3 орта мектеп-лицейінің спорт залы нағыз жарыс алаңына айналды.
Мұнда «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Бұл турнир жай ғана жарыс емес, спорттың жастарды біріктіріп, шабыттандырып, дұрыс жолға бағыттай алатынын көрсетті.
Жарысқа қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерден командалар қатысты. Қатысушы арулар жоғары деңгейдегі физикалық дайындықтарын, бірлескен командалық ойынды және ортақ мақсатқа ұмтылыс таныта білді.
Жарысқа қала мектептерінен келген командалар қатысып, мықты дайындықтарын көрсетті.
Нәтижесінде:
І орын – Тараз қаласындағы №66 мектеп командасына,
ІІ орын – №3 орта мектеп-лицейінің командасына,
ІІІ орын – IQ IT-мектебінің командасына бұйырды.
«Үздік ойыншы» жеке номинациясында Мәлік Жібек жеңімпаз деп танылды.
Турнирге қатысқан барлық аруларға алғыс хаттар, медальдар, кубоктар және естелік сертификаттар табыс етілді.