Спорт

Теннисші Елена Рыбакина тарихи жеңіске қол жеткізді

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді.

Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.