Титулды айқас. Елеусіновтің бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жегі ресми белгіленді

0 94

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) үш тұжырымда (IBF, WBA, IBO) бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жартылай орта салмақта IBF Intercontinental титулы үшін жекпе-жекке шығады.

Елеусінов үшін алғашқы титулды жекпе-жек он раундқа есептелген. Бокс кеші 27 қараша Голливудта өтеді. Ал бұл шоудың басты айқасында Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары Дэниэл Джейкобс (36-3, 30 КО) пен Габриэль Росадо (25-12-1, 14 КО) жұдырықтасады.

vesti.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.