Толағайлар Ташкентте бас қосады

15

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы биылғы Азия чемпионатының өтетін жері мен мерзімін жариялады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, әлемді шарпыған індетке байланысты кейінге қал­ды­рылған сарықұрлықтың басты турнирі биыл­ғы ақпанда өтуі тиіс болатын. Алайда бірқатар тал­қылаудан кейін турнир 15-24 сәуір аралығына Өзбек­стан астанасы – Ташкентте өтетін болып белгіленді.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары алдағы бәсекеге Алматы облысындағы «Ақ Бұлақ» базасында дайындалып жатыр. Оқу-жаттығу жиыны 24 қаңтарда аяқталады. Азия чемпионаты Токиодағы Олимпия ойындарына іріктеу кезеңі саналады. Әзірге зілтеміршілердің қоржынында бір­де-бір лицензия жоқ.

egemen.kz