Төрешіні доппен «нокаутқа» түсірген Джокович US Open турнирінен шеттетілді

0 29

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінен шеттетілді.

Джокович бұл турнирге де бірінші нөмірлі теннисші ретінде тіркелген еді. 1/8 финалда ол испаниялық теннисші Пабло Каррено-Бустамен кездесіп жатқан.

Бірінші сет барысында ол бір рет допты бар күшімен шығарып, төрешіден бір ескерту алған. Ал 11 сет барысында Джокович қарсыласына брейк беріп қойды. Содан соң ол тағы да допты бар күшімен артқа қарай ұрып жіберді. Ол доп төрешіге тиіп, құлап қалды. Сызық бойында тұрған төрешіні дәрігерлер біраз емдеп, есін жидырды.

Содан соң турнирдің ұйымдастырушылар Джоковичпен ұзақ сөйлесіп, соңында сербиялық теннисшіні турнирден шеттетті.

Енді Каррена-Бутса келесі кезеңде неміс жігіті Александр Зверевпен кездеседі.

Айта кетейік, теннис тарихында мұндай жағдай аргентиналық Давид Налбалдянның басынан өткен. Ол да доппен төрешіге дәл тигені үшін, турнирден шеттетілген еді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.