«Тур де Франста» жеңіске жетті

0 62

«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңінде жеңіске жетті.

170 шақырым қашықтықты 4 сағат 49 минут 8 секундта бағындырған М.Лопес екінші болып келген Jumbo-Visma коман­дасының словениялық өкілі Примож Роглич­тен 15 секунд ерте келді. Ал БАӘ мү­ше­сі Та­дей Погачар мәре сызығын үшін­ші болып кесті.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді Франция президенті Эммануэль Макрон өзі қарсы алып, қошемет көрсетті.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.