UFC-ге қайта оралмақ

20

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дің жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов 24 қаңтарда өтетін UFC 257 турнирінен кейін сегізбұрышқа қайта оралуы мүмкін. Аталған кештің басты жекпе-жегінде Конор Макгрегор мен Дастин Поре күш сынасады.

Ресейлік файтер 2020 жылдың 24 қаза­нында спорттық карьерасын аяқтағанын мәлім­деген болатын. Алайда арада үш айға жуық уақыт өткеннен кейін UFC президенті Дэйна Уайт Хабибтің үлкен спортқа қайта ора­латынын мәлімдеді.

Дэйна Уайт пен UFC чемпионы Хабиб Нур­ма­гомедов жуырда Әбу-Дабидегі «Жауын­герлер аралында» кездесіп, UFC президенті Нурмагомедовті спортқа оралуға үгіттеген. Ал өз ке­­зегінде Хабиб арасындағы алдағы Конор Макгрегор мен Дастин Поре және Майкл Чандлер мен Дэн Хукер жекпе-жекте кез келген спортшы оны тәуір өнерімен таңғалдыратын болса, сол спорт­шы­­мен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан.

egemen.kz