Спорт

WBC белбеуі бар қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

WBC белбеуі бар қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) шаршы алаңға желтоқсанда оралады.

Әшкеев шаршы алаңға 3 желтоқсанда Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында Фредди Роучтің Wild Card Boxing Gym залында өтетін бокс кешінде шығады. Оның қарсыласы жеңілмеген америкалық боксшы Чарльз Конуэлл (13-0, 10 КО). Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Кездесуді NBC арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бастапқыда  Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу 10 сәуірде өтуі керек болатын. Бірақ бұл бокс кеші коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді.

  tengrinews.kz