WBC чемпионы Сұлтан Зәуірбек әлемдік рейтингіде көтерілді

29

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (10-0, 7 КО) кезекті жеңісінен кейін Boxrec.com порталының рейтингісінде өз позициясын жақсартты.

WBC-тің екінші жартылай салмақтағы жастар арасындағы чемпионы С.Зәуірбек украиналық Владислав Мельникпен (12-3, 7 КО) болған жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз болып танылды. 24 жастағы қазақстандық боксшы BoxRec рейтингісінде өз дивизионында 114-ші орыннан 95-ке көтерілді. Еске сала кетсек, Сұлтан Зәуірбектің 2020 жылы бір ғана жекпе-жегі өтті. Былтыр ол алты рет рингке шыққан болатын. WBC-дің жастар арасындағы белдігін қытайлық боксшы Лешань Лиді (16-5-2, 9 КО) жеңгеннен кейін иеленді.

inform.kz