Спорт

XIV қысқы Паралимпия ойындарына қатысатын ұлттық құрама тізімі анықталды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

6-15 наурыз күндері Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додада 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысады. Ойындар бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.

Қазақстан құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Ұлттық құраманың сапына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Денис Кобаль енді.

Қазіргі уақытта спортшылар Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

XIV қысқы Паралимпия ойындарының ашылу салтанаты 6 наурыз күні Верона Олимпиадалық аренасында өтеді.