Спорт

«Өзімді дарға астым»: Ауыр атлетикадан ӘЧ жүлдегері Алмас Өтешов өзіне қол салғанын айтты

Спорттан қол үзген ол өмір жолында көп қиындықтарға тап болған

Ауыр аллетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013 жыл) Алмас Өтешов қазір күзетші болып күнелтіп жүр. Спортшы «Уақыт көрсетеді» ютуб-арнасына берген сұқбатында спорттық мансабындағы сәтсіздіктер, жеке өміріндегі қиындықтар, өз-өзіне қол салу, допинг дауы  туралы айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Спортшының  айтуынша, оның қазіргі отбасылық жағдайы да мәз емес. Екі рет отау көтерген. Екеуі де сәтсіз болған. Несиеге белшесінен батқан. Кезінде әкімдер берілген Қызылордадағы үйі әлі күні жеке атына аударылмаған. Өмірде қиындықтармен бетпе-бет келген  ол тіпті өзіне қол салған.

 Алмас Өтешов допинг қабылдау сол кездегі спорт министрі Талғат Ермегияевтің «келісімдері» арқылы еркін түрде жүзеге асқанын жасырмаған.