Спорт

Жәмилә Бақбергенова халықаралық турнирде алтыннан алқа тақты

Қазақстандық балуандар Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Ресейде өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ел қоржынына 1 алтын және 2 күміс медаль түсті.

72 келі салмақ дәрежесінде белдескен Жәмилә Бақбергенова барлық қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Ал 55 кг салмақта Лаура Алмағанбетова мен 59 кг дәрежесінде сынға түскен Виктория Хусаинова күміс жүлдеге қол жеткізді.