Спорт

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Иордания астанасында өткен әйелдер күресінен Азия чемпионатында 72 кг салмақта бақ сынаған Жәмилә Бақбергенова кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Финалда қытайлық Юйци Люге еш мүмкіндік бермеген отандасымыз осымен төртінші рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.

Осылайша, Жәмилә Татьяна Аманжол мен Гюзель Манюровадан кейін бұл белесті бағындырған үшінші қазақ палуаны атанды. Бұған дейін оның қоржынында бір күміс пен бір қола жүлде бар еді.

Чемпионат барысында Бақбергенова жартылай финалда әлем чемпионы, жапондық Масако Фуруичиді айқын басымдықпен жеңді. Ал оның финалдағы қарсыласы Юйци Лю жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаттарында күміс және қола медаль алған тәжірибелі спортшы.

Осы біріншілік нәтижесінде Қайрат Сағадиев баптайтын Қазақстан әйелдер құрамасы 1 алтын және 1 қола медаль еншіледі. Өткен жылы Бішкекте өткен чемпионатта қазақстандықтар 4 қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ол кезде Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович және Эльмира Сыздықова жүлдегер атанған еді.