Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға қатысты өз пікірін білдірді
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға қатысты өз таңданысын жасырмады.
«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып, таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз», - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының кубалық Эрисланди Ларамен кездесуі осы жексенбіге жоспарланған еді.