Спорт

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жеңісінен кейін жекпе-жектен екі аптаға шеттетілді

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жеңісінен кейін жекпе-жектен екі аптаға шеттетілді

Отандасымыз соңғы рет шаршы алаңға 10 қазанда шықты.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) АҚШ жеріндегі соңғы кездесуінен кейін екі аптаға жекпе-жектен шеттетілді. Еске салайық, отандасымыз 10 қазан күні Лас-Вегаста Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде шаршы алаңға шығып, аргентиналық Гонсало Кориядан 16-4, 6 КО) үстім түсті. Бұл жеңістен кейін Невада штатының атлеттер комиссиясы екі боксшыға да жуық арада шаршы алаңға шығуға тиым салды. Тарқатып айтсақ, Жәнібек Әлімханұлы 24 қазанға дейін жаттығу жасап, жекпе-жек өткізе алмайтын болса, Кория 9 желтоқсанға дейін шаршы алаңға шыға алмайтын болды. Мұндай шешімді штаттың комиссиясы боксшылардың медициналық тексерісінен кейін шығарып отыр. vesti.kz