Спорт

Даңқты спортшы Ислам Байрамуков лауазымды қызметке тағайындалды

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжінің» директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.

1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

«Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (Қаржы және экономика) (2005) аяқтаған.