Жамбылдықтар ел біріншілігінен жүлделі оралды

20
28-ші қазан 4-ші қараша аралығында Шымкент қаласында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан 1999-2002 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған сында Жамбыл облысының намысын қорғаған «Әулие-Ата» командасы төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:
Көкпар ойыны бойынша екінші орынды иеленді. Бірінші орын түркістандық командаға бұйырды.
Аударыспақ сынында Айбек Жапаров (50 кг) жеңімпаз атанса, Еснұр Исақұл (60 кг) қола жүлдеге қол жеткізді, ауыр салмақта өнер көрсеткен Асланбек Сүндетов (+80 кг) күміс медаль иеленді. Жарыс қорытындысына сәйкес аударыспақ сынында «Әулие-Ата» құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Жамбы ату сайысында Бақдәулет Бабажан қарсылас шақ келтірмей жарыс жеңімпазы атанды.