Жапониялық 53 жасында футбол клубымен келісімшартты ұзартты

13
Жапондық футболшы және әлемнің қазіргі кәсіби ойыншылары арасында ең жасы үлкені Казуйоси Миура «Иокогама» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы команданың ресми сайтында жарияланды.

53 жастағы жапондық футболшы Казуйоси Миураның жаңа келісімі 2021 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.

«Өткен маусымда коронавирус салдарынан әлемде қиын жағдай болды, бірақ түрлі адамдардың арқасында қайтадан футбол ойнауға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Бұл маған жетіспеген маусым болды, бірақ менің футболға деген ұмтылысым мен құмарлығым тек артып жатыр. Бұл маусымда мен көбірек ойнап, командамның жеңіске жетуіне үлес қосамын», — деп мәлімдеді Миура.

ҚазАқпарат