Жекпе-жекке толықтай дайын

0 28

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлім­ханұлы (8-0, 4КО) алдағы болатын жекпе-жегіне дайындық барысы қалай өтіп жатқанын айтты.

«Жекпе-жекке дайындық жоғары дең­гей­де өтіп жатыр. Чемпиондық титулға жа­қын­дап қалдық. Бұйыртса 64 раунд спар­ринг қалды. Барымызды салып жатырмыз», деп жазды орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Instagram-дағы парақ­ша­сында.

Ж.Әлімханұлы танымал бапкер Джеймс Макгирттің жетек­шілігімен Калифорнияда жаттығады. Оның келесі жекпе-жегі қазан айында өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, отандасымыз соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында АҚШ-тың Калифорния шта­тында өткізді. Ол кана­далық боксшы Альберт Онолуності (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.