«Жігітіме туған жерімді көрсеттім»: Ақмарал Науатбек туған жері Жамбыл облысына келді
Паралимпиада чемпионы кіндік қаны тамған Жуалы ауданына табан тіреді
Париж қаласында өткен паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 келі салмақта чемпион атанған Ақмарал Науатбекке туған жері Жуалы ауданында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ақмарал Науатбекпен бірге Жуалы жеріне оның анасы мен жолдасы бірге барған.
Чемпион жерлестерімен жүздесіп, халықтың батасын алды.
Жуалы ауданындағы батыр Бауыржан Момышұлының мұражайына барып, батыр рухына тәу етті.
Ақмарал Науатбекке Жамбыл облыстық туризм және спорт басқармасы мен Жуалы ауданы әкімдігі ақшалай сертификат табыс етті.
Спортшы желідегі парақшасына Жуалы сапары туралы жазба жариялап, жерлестеріне алғысын білдірді.