Жүлделі орындарды иеленді

25

Жуырда облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Көше ойындары – 2020» атты өңір чемпионаты «Біз – діни экстремизм мен тероризмге қарсымыз!» ұранымен бастау алып, спорттың 10 түрінен кім мықтыны анықтады. Бәсекеде бақ сынаған Аса ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ілігіп, аудан абыройын көтерді.
Бұл жағымды жаңалықпен атылмыш мектептің әдіскері Берік Изанов бөліскен еді.
– Бүгін қос жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. Зіл темірді жоғары көтеруден қарсылас шақ келтірмеген Саламат Санатұлы мен спорттың street workout түрінде айқын басымдылыққа ие болған Нұрбол Мырзағараев бірінші орын иеленсе, турник-бруссьяда күш сынаған Дарын Қалабаев екінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды, – деді ол бізбен әңгімесінде.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі