Жылдың үздігі атанды

34

Теннистен әлемнің 19-шы, Қазақ­станның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның қатысуымен өткен ойын 2020 жылдың үздік бәсекесі деп танылды.

Әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) нұсқасы бойынша Дубайдағы (БАӘ) турнирдің финалдық бәсекесінде өнер көрсеткен қазақстандық Елена Рыбакина мен румыниялық Симона Халеп арасындағы матч жылдың ең үздік ойыны атанды. Кездесу осы жылдың 22 ақпанында өтіп, Симона Халептің 3:6, 6:3, 7:6 (7:5) жеңісімен аяқталған-ды. Бұл – Халептің спорттық мансабындағы WTA жарысы бойынша 20-шы жеңісі болатын.

Сондай-ақ жылдың үздігі атануға үміткерлер қатарында америкалық апалы-сіңлі Винус пен Серена Уильямстардың матчы, Арина Соболенко (Беларусь) мен америкалық Кори Гауффтың кездесуі және жапониялық Наоми Осака мен эстониялық Анетт Контавейттің бәсекелері де болған.

egemen.kz