Тарих-таным

Байлық сұрап, бақаға телмірген дұрыс па?

Байлық сұрап, бақаға телмірген дұрыс па?

Қазір дүкен, мейрамхана секілді көпшілік келетін табыс түсіретін орындардан, тіпті, кейбір кісілердің үйлерінен тиын тістеген бақаның және месқарынның тас мүсінін көп кездестіреміз. Оныңкөрнекіжергеқойылуыныңсебебінсұрасаң «Байлықшақырады» дейді. Үйіне, мекемелергеаквариумұстап, сегізбалықсалып, «ақшаңкөпболады» дегендердідекөрдік. Әрбөлмесінеәртүрлішам (свеча) жағып, махаббат, отбасы, денсаулықбұрышыдепсенгендердідеестиміз. Әйтеуірбәрінүйіп-төгіпбересалатынмәртмүсіндер.

Жарты әлемді жаулаған Наполеон бір елді басып алудың оңай жолы даңғаза музыкамен саналарын улап және сенімдерін астыртын саясатпен баурау екенін айтыпты. Қытайдың тас мүсіндерінің сәттілік әкелуші ретінде сенімге кірудегі көздегені не екен? Әлде, бұл көршілеріміздің бизнес жасауда тапқан тың жолы ма? Әрі-беріден соң тас мүсіндерге, пұтқа табынушылық жат діннің ұстанымы екенін де ескермейтін аңғал жұрттың ақшасын қағу, қалтасын тонау емес пе? Тас мүсіннен табыс тілейтіндердің нанымына дәстүрлі дініміз Ислам шариғаттары не дейді? Халқымыз Ислам дінін қабылдағалы бері біз бір Аллаға сиынып, бір Алладан ғана өзіміздің қажеттілігімізді сұраймыз. Қиналсақ та, сырқаттансақ та тек бір Алладан ғана медет тілеп, тек жалғыз жаратушыға аманат қылып, тәуекел еткен елміз. Жалпы, әрбір халықта тек бір дін, бір шариғат болады. Мәселен, кез келген елдің бір ғана Ата заңы болады, сондағы халық түгел соған бағынады. Ол ел сол заңмен күн кешеді. Сол секілді «мұсылманмын» деген әр азамат Ислам шариғатының заңдылықтарына сүйенуі керек. Кеңес дәуірінен кейін елімізде көптеген бөтен бағыттағы діндердің өкілдерінің, жат пиғылды ағымдардың қаптап кіруі белең алған болатын. Бірақ, қазір Аллаға шүкір, біразына шектеу қойылып, бірқатары мемлекетімізден аластатылды, тыйым салынды. Бір нәрсені түсінейік, еш уақытта ешбір бөтен діннің ұстанымымен жақсылық таппаймыз. Жаратқан Иеміз жіберген соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) таратқан Ислам діні ақиқат және нағыз әділдікті жақтаушы. Ислам сүрелеріндегі алғашқысы Фатихада «Иәкәнә нағбуду уә иәкә нәстағин» яғни «Я, Алла Саған ғана құлшылық етеміз» деп Аллаға жалбарынамыз, мінәжат қыламыз және «Сенен ғана жәрдем тілейміз» дейді. Біздің дініміздің ұстанымы осы. Қандай жағдайда да, нені де болса тек Алладан сұрауымыз керек. Құлының алақан жайып сұраған дұғасына жауап бермеуден Алла Тағала ұялады делінеді. Ол деген сөз әрбір пендесінің сұраған дұғасын Алла қабыл ететіні. Ал, түкке тұрғысыз бақаның мүсіні бейнеленген тастан тілек тілеу, сондай соқыр сенімнің біздің елімізде орын алуы өте өкінішті. Оның астарында қандай пиғыл жатқанын бір Алла біледі. Өз тарапымнан бұл нәрсенің біздің халықтық салт-санамызға зиянды екенін айтқым келеді. Осыған дейін, яғни бақа мүсініне байлық шақыратын сеніммен қарау әдісі келгенге дейін де біздің бабаларымызда бақ та, дәулет те болды ғой. Сонда оларға оны кім берген? Пайғамбарымыздың хадисінде «Кім де кім не нәрсеге нанса, неден үміт күтсе, сол нәрсенің зияны, зардабы соған тиеді» – дейді. Ендеше бақа мүсінінің зияны сол сенушісіне тиеді. Жылтыраған бақа адамның, пенденің қолымен жасалған дүние. Сахабаларымыздың дәуірінде арабтарда қараңғы наным болды. Соңғы пайғамбарымыз Исламды дәріптегенге дейін қолдан жасап алған мүсіндерге, пұтқа табынушылық болған. Олар құрманы езіп, содан мүсін жасап, соған табынған. Егер қарындары ашса, әлгі тәңіріндей тұтып табынған мүсінін жеп қойған. Сол сияқты бақаның бейнесінен байлық, бақыт күту де надан наным. Керісінше, кәсіп көзі еткен жұмыс орындарына, үйіне Құран аяттары жазылған кәдесыйды (сувенир) қойса, оны көрген кезінде жалғыз жаратушы да, жарылқаушы да Алла екені есіне түсіп, аузына Алласын алып тұрар еді. Мүмкін, сол әрекетімен Алланың мейіріміне ілігер. Оған қоса, мұсылман кісі отыратын немесе өмір сүретін жеріне өзге ұлт өкілдері келсе де Құран аяттарын көргенде, оның Исламды ұстанушы мүмин екенін білер еді. Ал, ол сырттан келген адам бақаны не месқарынның мүсінін көрсе, не ойлауы мүмкін? Қытайдың ойыншығын әспеттегеніне қарағанда жатқа жалтақтаушы әлде білімі таяз екенін байқап кетпей ме? – дейді облысымыздың бас имамы Данияр Жұмабаев. Иә, Алладан өзге тәңір жоқ. Күллі дүниені жаратушы жалғыз Алла. Яғни, бізге денсаулық пен нәсіп те тек Жаратқан Иеміздің қалауымен, соның ғана мейірім-шапағымен келетіні ақиқат. Бүгінгі сенімін тасқа байлағандардың адасуларына себепші болған тағы да ақша, түптеп келгенде нәпсі болып отыр. Әйтпесе «байлық шақырады» деп бақаны төрге қояр ма? «Мал беріп, мерейімізді арттырады» деп месқарынның мүсінін әспеттер ме еді? «Бұл да бір жат пиғылдылардың нанымымызға дендеп кіріп, нанымызды тартып жеуге сұқтанған астыртын жолы екенін қашан ұғамыз? Бұл мыс мүсіндердің ерекше назарға іліккендері соншалық кейбір кісілер базбір жақынын қуанышымен құттықтап, тойға тарту жасаса да Қытайдың жылтыраған бақасы мен месқарын мүсінін қымбат сыйлық етіп ұсынатын болыпты. Яғни, бұл дәстүрімізге өзгеше үрдіс әкеліп қосып жатқанының белгісіндей. Әйтпесе, халық «Орамал тон болмайды, жол болады» деп сыйлыққа шарқат, шәлі ұсынып, шапан жауып, тұлпар мінгізетін. Қытайдың тас, мыс ойыншықтары сенімге ие болып, ұстанымымызға ұласып, дәстүрімізді лайламаса жарады. Ғылыми тілде мұны «фень-шуй» деп атайды екен. Оның сенушілерінің сөзіне сүйенсек, үйді «Ас үй және фень-шуй, қонақүй және фень-шуй» дегендей тәсілдермен орналастыру табысты молынан толастатудың айрықша философиясы көрінеді. Бұл пәлсапа ұстанымы бойынша бөлмелердің бұрыш-бұрышы ашық қалып, ол жерлерге әлгіндей тас, мыс мүсіндер қойылса, сол үйге ақша үздіксіз келіп тұрады екен. Жат сенімге табынушылардың пайымдауынша, фень-шуй кеңістікті игеру әдісі. Оның мақсаты ци энергиясының дұрыс бағытын іздеу және оны адамның қажетіне пайдалану дейді. Яғни, адам денсаулық пен бақытқа, байлыққа малынғысы келсе, баспанасы мен жұмыс орнындағы жиһаздардың орналасу ретін фень-шуйша қойса, ұтпақ. Ал, білетіндер бұл мүсіндер Қытай императоры Гадо Дидоның сүйікті ойыншығы болыпты дейді. Яғни, мұндағы көп жұрт «байлыққа кенелемін, түгесілмес жақсылыққа жолығамын» деп ерекше әспеттеп жүрген мүсіндері қытайдың қарапайым ғана ермек еткен ойыншығы екен. Әншейін ғана ермек етер ойыншықтан бақ сұрап, бақаға телміргендерге сөз соңында Батыр Бауыржан Момышұлының «Бақаның бағынан сұңқардың соры артық» дегенін ескерткіміз келеді.   Қамар Қарасаева