Еліміздегі ауылдарда интернеті бар дүңгіршектер орнатылады
Еліміздегі ауылдарда интернеті бар дүңгіршектер орнатылады
Қазақстанда ауылдарда интернетке қосылатын арнайы дүңгіршектер орнатылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
"Интернетпен қамтуды кеңейту жобасы аясында біз байланыс операторларымен 1200 ауылдық елді мекендерде интернетке қол жетімді арнайы дүңгіршектер орнатуға уағдаластық. Бейне қоңырау арқылы сіз облыс әкімдігіне, халыққа қызмет көрсету орталығына немесе медициналық мекемеге хабарласуыңызға болады", - деді Мусин үкімет отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, сенат депутаттары салық кодексіне Қазақстанның ауылдарында жоғары жылдамдықты интернет ұсынатын ұялы байланыс операторларына жеңілдіктер беру туралы түзетуді мақұлдады. Сенаторлар үшінші және төртінші буын ұялы байланысы үшін қажет радиожиіліктердің ставкасын 90% төмендету туралы түзетулерді бастамашылық етті. Салық кодексіне ұялы байланыс операторларына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы заң жобасы мәжіліске қайтарылды. stan.kz