❗️Пәтер иелері кооперативтері қарызға белшеден батты🔗 ПИК пен тұрғындар арасындағы шу басылмай тұр. Бірі тұрғындар уақтылы төлемақы жасамайды десе, екінші тараптың қызметке көңілдері толмайды. 🔗 – Тараздағы 1365 көппәтерлі үйдің 390-на 33 ПИК техникалық қызмет көрсетеді, – дейді қала әкімдігінің өкілі Қ. Дүйсенбаев.🔗 30 үй қарайтын тек «Ақбота» ПИК-не тұрғындардың қарызы 16 миллион теңге. 🔗- Сотпен 2 миллион тг. ғана өндірілді. Cот орындаушылары берешек азаматтарды мекен-жайынан таба алмайды. Ал біз жұмысшыларға айлық беруіміз керек, – дейді кооператив төрағасы Н. Болысбаев. 🔗 “Қаратау» шағын ауданындағы 15 тұрғын үйді басқаратын «Дамудың» да жағдайы мәз емес. 🔗 “Тұрғындардың қарызы 4 миллион теңгеден асады. 7 жылдан бері соттасып жүрміз», – дейді кооператив төрағасы Ж.Жарасов.
Опубликовано Облыстық Ақ Жол Газеті Понедельник, 21 сентября 2020 г.