ҰҚК Президентке қастандық жасауды жоспарлаған қылмыскерді ұстады

0 11

 

ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Президентке және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген қазақстандықты ұстады.

«Ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару кәсіби түрде жасырылып, Қазақстанға бөлшектермен әкелінген», — делінген хабарламада.

Бұдан өзге, күдікті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындағаны хабарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.