Жамбылда жазасын өтеушілер «QazVac» вакцинасын салғызуда

0 11

 

Таразда түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар коронавирусқа қарсы вакцина салғызуда. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, қоныс колониясындағыларға бұған дейін ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынса, енді Отандық «QazVac» вакцинасына таңдау түсіпті.

«Екпе егу ерікті түрде жүргізіледі, бас тартқандар болған жоқ. Сондай-ақ, вакцинация жоспарлы түрде жүргізіледі. Вакцинацияның бірінші компонентін алуға тілек білдірген сотталушылар алдымен толық медициналық тексеруден өтті. Денсаулықтарының дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін ғана жазасын өтеушілерге екпе салынды», — дейді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.