"11 жылға сотталды": Марихуана сатқан 4 жамбылдыққа қатысты үкім шығарылды
Тергеу барысында күдіктілерден 53,6 кг марихуана тәркіленген
Аса ірі мөлшерде марихуана сатқаны үшін Жамбыл облысының 4 азаматына 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Шу аудандық соты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін кінәлі деп танылған Қордай ауданының төрт тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.