23 жастағы азамат есірткімен ұсталды

43

Сарысу ауданы аумағында рейдтік іс-шара жүргізу барысында 23 жастағы Жаңатас қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны тексеру кезінде “кептірілген марихуана есірткі” заты табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. – Ұсталған азамат кінәсін мойындап, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Барша азаматтарды, әсіресе жастарды есірткіден аулақ болуға шақырамыз. Есірткіге байланысты кез-келген бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, – деп атап өтті Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.