25 тонна шөп өртеніп кетті

0 86

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің 101 телефон нөміріне Төле би ауданы, Белбасар ауылындағы тұрғынүйдің бірінде шөпхананың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Төле би ауданы №19 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігімен 3 адамнан құралған жеке құрам шығып, өрт сөндіру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде от жауынгерлері өрттің өзге аумаққа таралу қаупінің алдын алды. Өкінішке орай өкінішке орай шөпхана 1000 түк (25 тонна) шөппен өртенді. Өрт сағат 12.50-де жойылды.
Осыған орай тұрғындардан от қолдануда абай болып, өрт оқиғаларына жол бермеулерін сұраймыз. Тез тұтанатын затарды (шөп, отын, жанармай, түрлі сипаттағы қоқыстар және т.б.) неғұрлым алшақ әрі қауіпсіз орналастырған жөн. Егер өрт шыққан жағдайда уақыт жоғалтпай шұғыл түрде 101, 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды ескерткіміз келеді.
Осыған байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары фермерлер мен тұрғындарға бірнеше кеңестер бере кеткенді жөн көріп отыр. Олардың ең бастысы — өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң және бұлжытпай сақтау «қоралардың төбелерінде және өзге де шаруашылық құрылыстарында, электрмен қамту желілерінің астында; аумақтың сыртқы қоршауынан 3 метрден кем емес қашықтықта шөп жинауға жол берілмейді. Көшелерде, жолдарда, үй жанындағы учаскелерден тыс жерлерде шөп және шөп маяларын, сабанды, басқа да ірілі-ұсақты жем-шөп түрлерін орналастыруға қатаң тиым салынады. Ірі жем-шөпті жинау биіктігі жер деңгейімен салыстырғанда 4 метрден аспауы қажет.
Сонымен қатар, шөпті тек арнайы жүк машиналарында тасымалдау керек және олардың түтін шығаратын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ, мұндай көліктерде кем дегенде екі ұнтақты өрт сөндіргіш болуы қажет.
Жалпы тұрғындардан балаларды мұқият бақылауды сұраймыз. Себебі олардың тентектігінен өрт оқиғалары жиі орын алады. Ата-аналар мен педагогтардың көмегімен балалар қауіпсіздік ережелерін саналыран мықтап сіңіріп, ешқашан отпен ойнамауы тиіс екендігін ескертеміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.