Заң

Ақтөбеде мұнайды заңсыз өндірген кампания директорының орынбасары сотталды

Бұл туралы ҚМА хабарлады

Ақтөбе облысында шикі мұнай өндіруді заңсыз жүзеге асырған «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының Бас директорының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтаған. Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған.