Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы пара алғаны үшін сотталды
Гүлмира Дөненбаева 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған
Семей қаласының № 2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.