Алматыда айып тұрағына қойылған көлікті тонап кеткен

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті
Алматы облысында мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс, тәркіленген Volvo жүк көлігі тоналып, Mercedes автокөлігін тығып қойған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы облысы прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде тәркіленіп, айып тұрағында тұрған мүліктердің тоналғаны анықталған.
Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын «Mercedes E350» маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған. Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті тығып қойған.
Анықталған құқық бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды.