Алматыда іс жүргізуді жасанды жолмен созған жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды
Бұл туралы прокуратура мәлімдеді
Атқарушылық заңнаманы қадағалау шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысы тарапынан әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу жөнінде бұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салуға жол берген.
Қаулы заңды күшіне енді.