Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден қуылды
Алматы қаласының Медеу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын бақылау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілд
Іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз еңбек қызметін атқарған немесе тиісті құжатсыз жүрген шетелдік азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құқық бұзушылардың бір бөлігі қабылдау-тарату орнына жеткізіліп, бірқатар факті бойынша әкімшілік шара қолданылды. Екі күн ішінде 60-тен астам адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілер анықталды. Жүргізілген тексеру локалдық сипатта болып, алдағы уақытта қаладағы барлық аудандарда кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын болады.