Аң аулап, мия тамырын заңсыз терген

Жамбылда браконьерлерге 687 мың теңге айыппұл салынды

0 63
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметі ағымдағы айдың 20 мен 23-і аралығында облыс көлемінде орман қоры аумағында және еркін аймақтарда, ормандар мен жабайы жануарлар дүниесін қорғау бойынша рейдтік шаралар жүргізді.
Табиғатты қорғау кеңесі мен мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары бірлесіп атқарған 4 күндік шара нәтижесіз емес. Инспекторлардың сөзінше, қазіргі уақытта азаматтардың аңды заңсыз аулау фактілері жиі орын ала бастаған. Шараның басты мақсаты да осы – заңсыздықтың алдын кесу.
Осылайша топ мүшелері Мойынқұм ауданындағы «Андасай» ерекше қорғалатын қаумалы аумағын қору жұмысы нәтижесінде  2  дана қырғауыл балапанын атқан азаматтарды құрықтаған.
Бұдан өзге, балық ұстау фактісі де тіркелді. Мұнда азаматтар 200 метр тор құрып, тиым салынған лақтырма тормен (накидка) балық ауламақ болған. Жоғарыда атаған ерекше қорғалатын қаумалдықта тіркелген факті бұл бір ғана мысал емес. Жедел топтың тез әрекет етуінің арқасында 11 гектар аумақты жыртып, дәрілік қасиеті бар қызыл мия тамырын жинап жатқан меркілік азаматты оқиға үстінен ұстаған. Бұл азаматқа хаттама жазылып, 258 келі мия тамыры Мойынқұм орман шаруашылығының қоймасына сақтауға тапсырылды.
Сонымен қатар, жедел топ мүшелері Меркі ауданы аумағындағы «Меркі» ерекше қорғалатын табиғи аймақтан аңшылық жасап жүрген азаматты ұстап, тәркіленген аңшы мылтығы Мерке аудандық полиция бөлімшесіне өткізілді. Табиғат қорғау кеңесі мен «Сапсанның» 4-күндік іс-сапары кезінде табиғатқа қасақаналық жасаушылардан 687 277  теңге айыппұл өндірілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.