Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды
Тергеуді Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді
Қарағанды қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымы мен контрабандаcына қатысты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеуді Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді. Колледж студенттерінің бірі есірткі тарату арқылы табыс табу мүмкіндігі туралы біліп, «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз куратормен «жасырма-курьер» және «қойма» функцияларын атқару жөнінде келісім жасаған.
Оның міндеттеріне берілген координаттар бойынша есірткі заттарын алу, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағында жасырын орындарға орналастыру кірген. Күніне ол шамамен 30 жасырма жасырған.