Заң

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні ұстады

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған кешенді және жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап. 

Тергеу барысында күдіктілердің 2025 жылдың тамыз айынан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың әрекетін «StroyKz09» лақап атымен тіркелген белгісіз адам ұйымдастырып отырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.