Заң

Қаржы пирамидасы: Алаяқтардың алдау схемасы қандай

The final spritzer

Бұл туралы прокуратура мәлім етті

Соңғы айларда елімізде қаржы пирамидаларымен байланысты алаяқтық схемалардың белсенді өсуі байқалады. Қылмыстық ұйымдар инвестициялық компаниялар, криптовалюталық жобалар және сауда платформалары ретінде бүркемеленіп, азаматтарға қауіпсіз жоғары табыс уәде етуде. Алайда іс жүзінде мұндай схемалар, салған қаражатты жоғалтуға алып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Еске салайық, қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді, ал олардың қызметі сөзсіз үлкен шығынға ұшырап, көптеген зардап шегушілерге әкеліп соғады.

Қаржы пирамидасының белгілерін қалай тануға болады:

• нарықтық көрсеткіштерден едәуір жоғарыкепілдендірілген пайдаға уәде беру;

• Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен қаржы қызметіне лицензияның болмауы;

• жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс алу шарты;

• агрессивті жарнама және мүмкіндігінше көп соманы салу мақсатындағы қысым көрсету.